Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 градус ыстық, шаңды дауыл: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 29 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

29 маусымда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 маусымда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз орталығында найзағай, дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 44 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 29 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 29 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп болжануда.

Күндіз 29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

29 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-41 градус қатты ыстық, облыстың батысында, шөлді аудандарында күн 45 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 29 маусымда күндіз сынап бағанасы 41 градусқа дейін көтеріледі.

29 маусым күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

29 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус ыстық болуы мүмкін.

29 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976052-45-gradus-ystyq-sandy-dauyl-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/