Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілде айының басында үш өңірде қуаңшылық болады

Опубликовано:

Құрғақшылық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазгидромет бірнеше өңірде шілде айының басында құрғақшылық болады деп болжауда. Бұл жайында ресми kazhydromet.kz сайтында хабарланды.

"Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялаған болатын. Олардың болжамына сәйкес, республика аумағында 45 градус ыстық пен шаңды дауыл күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976081-silde-aiynyn-basynda-us-onirde-quansylyq-bolady/

pixel