jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді

    Ақжан мен Жұлдыз
    Ақжан мен Жұлдыз. Фото: КТК телеарнасы

    БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлілі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың денесі елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денесін елімізге жеткізуді ұйымдастырды.

    Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетуде.

    ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - деп жазды ол Telegram-каналында.

    Еске салсақ, 25 тамызда Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын мәлімдеген. Артынша олардың туыстары отандық БАҚ-қа сұхбат беріп, марқұмдардың денесін елге жеткізу үшін көмек сұраған.

    Айта кету керек, Шарджа қаласында көз жұмған әпкелі-сіңлілінің отбасы қыздардың бірі мектепті алтын белгіге бітірсе, екіншісі домбыраның құлағында ойнаған. Олар шетелге жұмыс істеуге кеткен.

    БАӘ-де қайтыс болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.