Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілде айында Қазақстанда ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжам ұсынды

Опубликовано:

Құстар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері шілде айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиткердің болжамынша, айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, еліміздің батысында ай басында, қалған өңірлерде шілденің бірінші онкүндігінде жаңбыр жауады.

Жаңбырдан бөлек, аспан бұлттанып, күн күркіреп, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл соғып, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Осы кезеңде Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының келуімен еліміздің солтүстік жартысында түнде температура фоны +5+13°С болып, күндіз сынап бағанасы +18+28°С-тан +12+17°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Ал республиканың оңтүстігінде аптап ыстықтың беті қайтып, түнде сынап бағанасы +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін төмендейді.

Шілде айының бірінші онкүдігінің соңы мен екінші онкүндіктің басында елімізде қайтадан аптап ыстық болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, күндіз оңтүстік-батыс өңірлерде температура +30+40°С-қа дейін көтерілсе, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда +25+33°С дейін ыстық болады.

Дегенмен айдың ортасында Ресейдің еуропалық аймақтарынан келетін суық ауа массаларының тағы бір бөлігі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Осылайша, республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарда шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

  • еліміздің оңтүстік жартысында түнде +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +35+42°С-қа дейін;
  • Қазақстанның солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976528-silde-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/

pixel