"Бұршақ, жаңбыр": Алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы салқын болмақ
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері оңтүстік циклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.
Мәселен, 2 шілдеде Қазақстанның батысында, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде оңтүстікте, сондай-ақ орталықта қатты жаңбыр және бұршақ жауып, дауыл тұрады деп күтілуде.
Аталған аймақтарда жел де күшейе түспек.
"Бұл күндері Қазақстанның барлық аумағында ауа райы салқын болады", - дейді синоптиктер.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары шілде айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976640-bursaq-zanbyr-dauyl-aldagy-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-salqyn-bolmaq/