Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы бір қаласында егіздер фестивалі өтті (фото)

Опубликовано:

Павлодар
Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Павлодарда алғаш рет егіздер фестивалі өтіп, үш жүзге жуық қала тұрғыны ерекше отбасылық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Апсаликованың сөзінше, бұндай ерекше шараны өткізу туралы бастаманы жергілікті тұрғындар көтерген. Олардың идеясын әкімдік қолдады, дейді Апсаликова.

Шараға кішкентай егіздер мен ересек егіздер де келген.

23 жастағы Дастан мен Думан фестиваль қатысушыларының бірі. Олардың арасындағы айырмашылық 10 минут.

егіз
Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

"Ағаң сенің көшірмең сияқты болып өмір сүру қызық. Араласатын таныстарымыз әр түрлі. Соның салдарынан түсініспеушілік туындайды. Мәселен, мені ол деп немесе керісінше ойлап, достарымыз көшеде мән бермей өттің деп, ренжіп жатады. Көзқарасымыз жиі сәйкес келеді. Мен өзім үшін бірдеңе алсам, ол үшін де аламын", - дейді Думан.

Думанның айтуынша, оқу кезінде сыңары екеуі бір-біріне ұқсас болғанын пайдаланған сәттер де кездескен. Ағасы ол үшін емтиханды сәтті тапсырыпты.

Алайда екеуі әр түрлі мамандықта оқыған. Бірі құрылысшы, екіншісі металлург.

Ал 9 жасар егіздер Рухан мен Әмина талғамдары бөлек екенін айтады. Бірі вокалмен айналысса, екіншісі сурет салады. Олар мінездерінің де бір-біріне ұқсамайтынын, тіпті әр түрлі түсті жақсы көретінін атап өтті.

Павлодар
Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Егіздер фестивалін ұйымдастырушылар қызықты өткізуге тырысқан. Ол үшін аниматорларды шақырып, көбік кешін ұйымдастырып, балмұздақ таратқан.

егіз
Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда пандемиядан кейін алғаш рет егіздер шеруі өткенін жазған болатынбыз. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 150 отбасы қатысқан болатын.

Павлодар
Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976777-elimizdin-tagy-bir-qalasynda-egizder-festivali-otti-foto/

pixel