Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда пандемиядан кейін алғаш рет егіздер шеруі өтті (видео)

Опубликовано:

Елорда
Көрнекі фото: Josie Gealer/Getty Images

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 150 отбасы Нұр-Cұлтан қаласында пандемиядан кейінгі алғашқы егіздер шеруіне қатысты.

"Хабар 24" арнасының мәліметінше, егіздер шеруі Қазақстанда төрт рет болған. Іс-шараның тарихы бес жыл бұрын елордадағы шағын шеруден басталды.

Пандемия кезінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында дәстүр жалғасын тапқан жоқ. Алайда елімізде эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруының нәтижесінде егіздер қайта бас қосты.

Бұл жолы шеру триатлон саябағында өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 150 отбасы қатысты.

"Шерудің мақсаты - егіздердің бірлігі мен достығы. Олар өздері секілді бір күнде өмірге келген балаларды білуі үшін шара ұйымдастырылды. Егер бірінші жылы 10 ана мен 20 бала қатысса, бұл жолы 145 ана мен 320 бала келді.

10 жұп үшем, төртем болса, қалғандары егіздер", - деді шараны ұйымдастырушы Земфира Айтмұхамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1973758-nur-sultanda-pandemiyadan-keiin-algas-ret-egizder-serui-otti-video/

pixel