jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Министрлік Тұңғыш президент стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

Құжат
Фото: pixabay.com

Мәдениет және спорт министрлігі Тұңғыш президент – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауын өзгертуі ұсынды. Президент жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Егер құжат жобасы мақұлданса, онда бұл стипендия жай ғана "мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия" деп аталады.

Айта кетейік, Тұңғыш президент - Елбасы стипендиясы мәдениет саласындағы 75 қызметкерге ай сайын 55 АЕК мөлшерінде беріледі. Стипендиаттардың құрамы жыл сайын жаңартылып отырады.

Түсіндірме жазбада мемлекет басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшін жобаның әзірленгені атап өтілген. Оны орындау қосымша қаржылық шығынды талап етпейтіні де айтылған.

"Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді", - делінген құжатта.

Құжат жобасын талқылау 15 шілдеге дейін жалғасады.

Министрлік Тұңғыш президент стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.