Қазақстанға оралған қандастардың көбі қай елден келеді: Министрлік ақпарат ұсынды
Опубликовано:

2022 жылдың басынан 1 шілдеге дейін 7 415 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында.
Ведомствоның мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралған.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайызы) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы– Қытайдан, 7,4 пайызы – Түрікменстаннан, 3,2 пайызы – Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударған.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6 пайызы), Маңғыстау (18,3 пайыз), Түркістан (9,8 пайыз) және Жамбыл (6,3 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7 пайыз), Нұр-Сұлтан (7,1 пайыз) және Шымкент (8,1 пайыз) қалаларына қоныстанды.
"Биыл 1 шілдеге дейін еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1 пайыз және зейнеткерлер саны 13,9 пайызды құрады", - делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 47 пайызы жалпы орта білімді және 1,6 пайызының білімі жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1976871-qazaqstanga-oralgan-qandastardyn-kobi-qai-elden-keledi-ministrlik-aqparat-usyndy/