Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жер сілкінісі сезілді

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24

Шымкент қаласында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ТЖД мәліметіне сәйкес, ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 4 шілдеде Алматы уақытымен 13 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің кіндік нүктесі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 574 шақырым жерде орналасқан. MPV магнитудасы 4.6", - делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, 22 маусымда Ауғанстан аумағында 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Ақпаратты АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлаған еді.

Табиғи апат таңертең жергілікті тұрғындар ұйықтап жатқанда болған.

Садарынан оңтүстік-шығыстағы Пактика провинциясы мен шығыстағы Хост провинциясы қирап қалған. БАҚ мәліметінше, апат салдарынан бір мыңға жуық адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1976890-symkentte-zer-silkinisi-sezildi/

pixel