Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 280 адам қаза тапты (фото, видео)

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: twitter.com/BakhtarNA

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, салдарынан 280 адам қаза тауып, 600 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Bakhtar Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Al Jazeera телеарнасының АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 6,1 баллдық жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған.

Оның ошағы Ауғанстанның шығысындағы, Пәкістан шекарасына жақын маңдағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан.

"Пактика мен Хост провинцияларында болған жер сілкінісінің салдарынан 280 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды", - деп жазды Bakhtar агенттігі әлеуметтік желідегі парақшасында жергілікті билікке сілтеме жасап.

Жергілікті билік қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1975217-baq-auganstanda-zer-silkinisi-bolyp-280-adam-qaza-tapty/

pixel