jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

18 жастағы елордалық анасының жарты млн теңге тұратын сақинасын ұрлады деген күдікке ілінді

сақина
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жарты миллион теңгеге жуық тұратын алтын сақинасының жоғалғанын айтып, полицияға арыз берген. Оның ұлы ұрлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Полицияға арызданған әйел үйінен 450 мың теңге тұратын алтын сақинасы жоғалып кеткенін жеткізген.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары оның 18 жастағы ұлының ұрлыққа қатысы болуы мүмкін екенін анықтады.

"Жас жігіт үйінде анасының болмаған сәтін пайдаланып, оның зергерлік бұйымын ұрлап кеткен. Ол сақинаны сатып, түскен қаржыға бәс тікпекші болмаған", – деді тәртіп сақшылары.

Жігіт ұрлық жасағанын мойындап отыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

18 жастағы елордалық анасының жарты млн теңге тұратын сақинасын ұрлады деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.