Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлдегі ірі өртке байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Опубликовано:

Алакөлдегі демалыс орындары
Оқиға орнынан фото: Instagram/shygysqaz_tjd

Абай облысы Алакөл көлінің аумағында болған ірі өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

ТДЖ-ның мәліметінше, демалыс базаларының бірінен шыққан өрттен төрт демалыс орны аумағындағы нысандар бүлінген.

Олар:

  • "Керуен" демалыс базасындағы – 2 ғимарат, 1 кір жууға арналған орын, 7 коттедж;
  • "Әйгерім" демалыс базасындағы – 4 үй;
  • "Жібек жолы" демалыс базасындағы – 1 үй, 1 монша, 1 дәретхана;
  • "Әлихан" демалыс базасындағы – 8 ғимарат, 1 асхана.

Қазіргі таңда өрттің неден шыққанын өрт зертханасы мамандары анықтап жатыр.

Одан бөлек ТДЖ өртке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысы Үржар ауданы Алакөл көлінің жағасындағы демалыс базасынан шыққан өрттен 7 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977122-alakol-manyndagy-ortke-qatysty-sotqa-deiingi-tergeu-bastaldy/

pixel