jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елорда күнінде елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін 6 шілде күні еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынына "Қазгидромет" РМК синоптиктері болжам жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтанда 6 шілденің түнінде +9+11 °C, ал күндіз +22+24 °C болады. Көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды.

Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болмақ.

Алматыда түнде +16+18 °C, ал күндіз +27+29 °C болады деп күтіледі. Күн райы көшпелі бұлтты болып, түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, ал күнді жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы: 2-7, екпіні 13 м/с.

Түркістанда түнде +16+18 °C, ал күндіз +33+35 °C болады. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с дейін жетеді.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Алайда жел жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетеді. Күндіз 32-34 градус жылы болады.

Жалпы бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, дауыл, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облыстарының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Елорда күнінде елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.