"Тәрбиелі екен": Анасын жаңбырдан қорғаған баланың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

қамқор бала
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде жаңбырлы күнде анасына қамқорлық танытқан баланың видеосы тарап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан жаңбырлы күнде анасының үстіне су тимеу үшін басына картон жауып тұрған баланы байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары баланың тәрбиесіне, адамгершілігіне қатты таңғалғанын жеткізді. Арасында тіпті көз жасына ерік бергенін айтып, оның іс-әрекеті қатты әсер еткенін жазғандар да табылды.

"Ақылды бала екен", "Ақылыңнан айналдым", "Ата-анасының тәрбиесінің арқасы", "Анасын құрметтеген бала міндетті түрде елі үшін қызмет етеді", "Кішкентай болса да жүрегі үлкен екен", "Тәрбиелі екен", "Анасына көмектесіп жүрген балаға алғысымды білдіремін", "Баланың әрекеті біраз ой салды. Көз жасыма ерік бердім", - деп жазуда олар.

Айта кетейік, видеоның қашан және қай қалада түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977337-tarbieli-eken-anasyn-zanbyrdan-qorgagan-balanyn-areketi-zurttyn-zuregin-elziretti-video/