Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір аудан құрылуы мүмкін

Опубликовано:

Елорда
Фото: astana.gov.kz

Елордада тағы бір аудан пайда болуы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алтай Көлгінов елордада халық санының қарқынды өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.

"Есіл ауданын жақын арада екі ауданға бөлуге тура келеді, өйткені Есіл ауданында адамдар саны жыл сайын артып келеді және онда жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы үш жылда 100 мыңнан астам адам тіркелген. Егер ел өңірлеріне қарайтын болсақ, онда бұл бес аудан", – деп түсіндірді ол.

Елорда басшысы Есіл ауданы ашылған уақытта 68 мың адам ғана болса, қазіргі уақытта 350 мың адам тұратынын атап өтті.

"Жақын арада 400 мың және одан да көп халық болады. Ауданды дұрыс басқару үшін бөлуге тура келеді", - деп түйіндеді Көлгінов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар "Шымкентте бесінші аудан құру туралы" ұсынысты бір ауыздан қолдағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977655-nur-sultan-qalasynda-tagy-bir-audan-quryluy-mumkin/

pixel