ҚМДБ еліміз бойынша Құрбан айт намазының кестесін жариялады
Жарияланған күні:

Ертең, 9 шілде – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза айттан соң 70 күннен кейін тойланады.
Биыл Құрбан айт үш күнге жалғасады.

Сондай-ақ бұған дейін еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Құрбан айт мерекесін қалай өткізу керектігін айтып берген еді.
Бас мүфтидің сөзінше, Құрбан айтта жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.
Адам баласы құрбандық шалу арқылы Алланың берген ризық-несібесіне шүкір етеді. Құдайдың нәсіп еткен мал-дүниесінің бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға үлестіріп, олардың да ақысын беріп, қуанышқа бөлейді, дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977665-qmdb-elimiz-boiynsa-qurban-ait-namazynyn-kestesin-zariyalady/