Нұр-Сұлтан мен Алматы өмір сүру деңгейі ең қымбат қалалардың қатарына енді
Жарияланған күні:
Numbeo сайты әлемде өмір сүру деңгейі ең қымбат 510 қаланы атады. Тізімде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сарапшылар әлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингін жасауда сол шаһардағы үй жалдау құнын, азық-түлік бағасы мен мейрамханадағы бағаны есепке алған.
Бұл тізімде елорда 466 орында, Алматы 475 орында тұр.
Көш басында Бермуд аралдарының астанасы Гамильтон қаласы тұр. Ал ТОП-10-ды Швейцарияның алты бірдей қаласы мен АҚШ-тың үш қаласы өзара бөліскен.
Одан бөлек тізімде Орта Азия елдерінен Бішкек пен Ташкент бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы шетелдіктер үшін әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына кірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977752-nur-sultan-men-almaty-omir-suru-dengeii-en-qymbat-qalalardyn-qataryna-endi/