Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Опубликовано:

Бақытбек Есентаев
Бақытбек Есентаев. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қапшағай қалалық соты Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарастырды. 12 шілдедегі сот қаулысына сәйкес, оның өтініші қанағаттандырылды. Бұл туралы Алматы облысының соты өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Бақытбек Есентаев 2016 жылғы қарашада Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бүгінде ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Есентаев өз жазасын өтеу барысында сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Прокурор оның өтінішін қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы өтінішті толығымен қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады.

Жәбірленуші Алагөзова Б.М мен оның өкілі де Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына келісті.

Бақытбек Есентаев өзіне кесілген үкімнің үштен екісін, яғни 6 жылын толық өтеген. Бұдан бөлек оның түрмедегі тәртібі жақсы және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.

"Ол өзі істеген қылмыстың қоғамға қауіпті екенін түсініп, бұл ісі үшін өкінген. Сот үкімі бойынша 756 269 теңге көлеміндегі процесуалды шығынды өз еркімен өтеді.

Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен сотталған Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978017-baqytbek-esentaev-merziminen-buryn-bostandyqqa-sygady/

pixel