Бақытбек Есентаев өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді

Опубликовано:

Бақытбек Есентаев
Бақытбек Есентаев. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Бизнесмен, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өтініш Қапшағай қалалық сотына келіп түсті. Өтінішті қарау 11 шілдеге белгіленді", - деп мәлімдеген сот басылымға.

Еске сала кетсек, Бақытбек Есентаев 2016 жылғы қарашада Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

2017 жылы шілдеде ЛА 155/8 түзеу мекемесі Бақытбек Есентаевтың жазасын қалай өтеп жатқаны туралы ақпарат берді.

Түрме әкімшілігінің мәліметінше, сотталғандардың күн тәртібі минутпен белгіленген. Олар күнделікті таңғы алтыда тұрып, жаттығу жасап, таңғы ас ішкен соң жұмыс істеуге жіберіледі. Ал жұмыс істегісі келмейтін немесе жұмыс істей алмайтындар отрядта қалады. Соңғылардың қатарында Бақытбек Есентаев та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977055-baqytbek-esentaev-ozin-sartty-turde-merziminen-buryn-bosatu-turaly-otinis-berdi/

jitsu gif