Алматыда химиялық заттан уланған төрт бала ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Алматыда химиялық заттан уланған төрт бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 11 шілдеде химиялық уланумен төрт бала "Балаларға шұғыл медициналық жәрдем" орталығына жеткізілген.
"Олар БШМЖО-ның токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайлары орташа дәрежеде", - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.
Zakon.kz-тің хабарлауынша, улану дерегі балалар жарысқа қатысу үшін орналасқан Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде тіркелген. Басылым ол жерде дезинсекция жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Бұл жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласып, пікір білдіруді сұрады. Құқық қорғау органдары әзірге бұған байланысты пікір білдірмеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында тамақтан жаппай улану фактісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978073-almatyda-ximiyalyq-zattan-ulangan-tort-bala-auruxanaga-tusti/