Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақындары Түркістан облысына келді": Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі студент әлі табылмай жатыр

Жарияланған күні:

Құтқарушы
Іздеу жұмыстары. Оқиға орнынан фото: Түркістан облысы ТЖД

Шамамен осыдан екі апта бұрын Түркістан облысындағы Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық екі студент әлі табылмай жатыр. Бұған алаңдаған студенттердің жақындары Түркістан облысына келген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, өңірге келген үндістандық студенттің бірінің әкесі, ал екіншісінің ағасы іздеу жұмыстарын тоқтатпауды өтініш жасап отыр. Олар әлі де үмітін үзбейтіндерін жеткізген.

Ал құтқарушылар Ақсу өзенінде екі аптадан бері тоқтаусыз іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады.

Іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған. Тікұшақпен өзен бойы, яғни 2 мың шақырымдай аумақ жіті қаралған.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, негізгі ережеге сәйкес іздеу жұмыстары он күннен соң тоқтауы тиіс болатын.

"Алайда біз туыстарының талап тілегімен бұл жұмыстарды жалғастыра береміз", - дейді ол.

Нұрғали Жүнісовтің сөзінше, қазіргі таңда жаяу іздестіру жұмыстарына 52 адам тартылған.

"Зерделеп қарап, өзіміз баға беріп отырмыз. Екі студенттің денесі шомылған жерден 50-60 метр жерлерде судың астында жатуы әбден мүмкін. Сол себептен департаменттің жедел құтқару жасағының бес қызметкері тәулік бойы кезекшілік етуде", - дейді ол.  

Еске салайық, медицина мамандығы бойынша оқып жүрген Үндістан елінің 21 азаматы маусымның 26-сы күні Түркістан облысының Төлеби ауданына демалысқа барған.

Ақсу өзенінде шомылу кезінде олардың бірін ұйық тартып кеткен. Болжам бойынша оны құтқармақ болған екіншісі де судан шыға алмай қалған болуы мүмкін. 

Мамандардың дерегінше, студенттер суға батқан жердің тереңдігі 14 метрге жетеді.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978171-zaqyndary-turkistan-oblysyna-keldi-aqsu-ozenine-batyp-ketken-undistandyq-eki-student-ali-tabylmai-zatyr/