Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тыл ардагері бірнеше күн бойы қант таппай жүргенін айтып, жылап жіберді (видео)

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ашаршылық пен соғыс жылдарының қиындығын көрген 86 жастағы ақтөбелік кейуана Галина Дубовик 4 күннен бері қант таппай жүр. Әлеуметтік дүкеннен құмшекер іздеп сабылған әжей көз жасына ерік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кеше осы жерге 4 рет келдім. Сатушысы не "бар" не "жоқ" деп айтпайды. Нағыз қант майданы секілді. Кеше дүкен алдына таңғы сағат 7-ден бастап келдім. Дала ыстық. Үйге барып, екі рет дәрі іштім. Ыстықта кезекке тұрғызбай, жөнін айтса болатын еді. Бүгін тағы келіп, қант таппай кетіп барамын", - дейді көзіне жасалған тыл ардагері Галина Дубовик.

Қаладағы 11 мөлтек ауданындағы "Табыс" әлеуметтік дүкеніне осыған дейін күніге 50 келілік 1 қап қант жеткізіліп тұрған. Ол бар болғаны 10 минутта сатылып кетеді. 

Тұрғындар қант алу үшін сағаттап кезек күтуге дайын. Айтуларынша, күнде таңғы сағат 7- ден бастап, тізім жасалып, кезек қойылады.

"Бұл дүкеннің алдына қарттар мен көпбалалы аналар кезекке тұрады. Қантқа неге қат болып қалдық? Неге реттелмейді?", - дейді қала тұрғыны Салтанат Оразалиева.

Әлеуметтік дүкенге өткен жұмадан бері қант келмеген. Мұндағы қанттың келісі 363 теңге. Адам басына үш келіден артық берілмейді. Десе де, жергілікті билік өңірде қант тапшылығы жоқ деп сендіреді. 

"Бүгінгі таңда облыс кәсіпкерлерімен 30 вагон (2040 тонна) қант жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Ірі сауда желілері мен жеткізушілердің қоймаларында 206 тонна көлемінде қант бар. 7 вагон (476 тонна) жолда болса, тағы 1 вагон жүк түсірілуде. Қазіргі уақытта супермаркеттерде қанттың келісі 473-489 теңгеден сатылуда.

Тұрақтандыру қорында 56 тонна көлемінде қант бар, оның келісі қаланың коммуналдық шағын базарларында 363 теңге - төмендетілген бағамен халыққа ұсынылып жатыр", - деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тлеумұратов.

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе облысы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978281-aqtobede-tyl-ardageri-birnese-kun-boiy-qant-tappai-zurgenin-aityp-zylap-ziberdi-video/

pixel