jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шекарадан жалған құжатпен өтпек болған іздеудегі Нұрлан Мәсімов ұсталды

Нұрлан Мәсімов
Нұрлан Мәсімов. Видеодан кадр: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімовті ұстады, деп хабарлайды ведомство Telegram арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударатынын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, 13 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекара қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімовті ұстаған.

Ол Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша кесіп өтпек болған.

Еске сала кетсек, Нұрлан Мәсімовке аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.

Осыдан кейін Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімовтің қайда екенін хабарлаған адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетінін мәлімдеді.

Шекарадан жалған құжатпен өтпек болған іздеудегі Нұрлан Мәсімов ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.