jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Еліміздің бір өңірінде 50 градус ыстық тіркелді (видео)

ыстық
Фото: Lada.kz

Бүгін, 18 шілдеде Маңғыстау облысының аумағында 50,2 градус ыстық тіркелді. Бұны жергілікті тұрғын жария етті, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Жетібай ауылының жұмысшылары термометр бағанын көрсеткен. Кадрдан ауа температурасының 50,2 градусқа жеткенін байқау қиын емес.

Сонымен қатар олар аптап ыстыққа қарамастан жұмыс істегендерін жеткізген.

Видео авторы "Жетібаймұнайгаз", ОЅС, "Ақтаукрантехсервис", West Oil, "Маңғыстаумұнайгаз" және тағы басқа жеке компаниялардың қызметкерлері бүгін және кеше жұмысты тоқтатпағандарын сөз етті.

Rp5 сайтының мәліметінше, бүгін сағат 15:00 және 18:00-де Маңғыстау облысында 44 градус тіркелген.

Еліміздің бір өңірінде 50 градус ыстық тіркелді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.