Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жол талғамайтын көлігімен жылқыны әдейі басқан ер адам жазаланбайтын болды

Опубликовано:

көлігімен әдейі жылқыны басуда
Видеодан кадр: instagram.com/baigekazakhstan

Жол талғамайтын көлігімен жылқыны әдейі басқан алматылық жазаға тартылмайтын болды. 38 жастағы ер адам шығынды өтеп, малдың иесімен татуласқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Іле ауданы Междуречинск ауылының екі тұрғыны арасындағы жанжал тараптардың татуласуымен аяқталған.

Жылқы иесінің арызына сәйкес, полиция күдіктіге қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Жәбірленуші аудандық полицияға тиісті арызбен жүгінген. Арызда жылқысын басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісіне ешқандай шағым жоқ екенін айтқан.

Күдікті келтірілген шығынды толық өтеп, көпшілік алдында кешірім сұраған көрінеді. Тараптардың татуласуына байланысты ер адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылады", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайділдин.

Сонымен қатар өлейін деп жатқан жылқыны иелері сойып алғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы маңында жол талғамайтын көлік мінген ер адамның жылқыны аяусыз, әдейі басқан жантүршігерлік видеосы тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979127-zol-talgamaityn-koligimen-zylqyny-adeii-basqan-er-adam-zazalanbaityn-boldy/

pixel