Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды

Опубликовано:

жедел жәрдем көлігі11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшылардың тамақтан жаппай улану фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша, ISKER мердігер компаниясының 30-дан астам жұмысшысы вахталық кенттегі асханадан түскі ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған.

Жұмысшылар дәрігерлік көмекке жүгінген. Оларға "орташа ауырлықтағы диарея" диагнозы қойылған.

Теңіз кен орнындағы медициналық клиникада тамақтан уланған жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілген. Содан соң олардың бір тобы клиникаға жатқызылған.

Жеңіл дәрежеде зардап шеккен жұмысшылардың кейбірі жатақханаға жіберілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында тамақтан жаппай улану фактісі тіркелгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979448-teniz-ken-ornynda-30-dan-astam-zumyssy-tamaqtan-ulanyp-qaldy/

pixel