Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шет тілін күніне 5-6 сағат оқыған": Ауыл мұғалімі "Болашақпен" АҚШ-тың үздік жоғары оқу орнына түсті

Опубликовано:

Гүлзия Құманқан
Гүлзия Құманқан. Фото: bolashak.gov.kz

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлзия Құманқан "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Ол АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінің магистратурасына түскен, деп хабарлайды Bolashaq news.

Гүлзияның айтуынша, ол ауылдан шықпай-ақ, "Болашақ" стипендиясына арналған конкурстық іріктеуден сәтті өткен.

Педагог интернет желісіндегі онлайн сабақтар мен дәрістердің көмегімен ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгерген.

Гүлзия шет тілін күніне 5-6 сағат оқығанын айтады. Осының арқасында ол IELTS емтиханы бойынша белгіленген ең жоғарғы 9 балдың 7 балын жинап, АҚШ-тың ең беделді жоғары оқу орнына түсіп отырғанын атап өтті.

"Мен қарапайым ауыл мектебінде оқыдым, қазір сол ауыл мектебінде жұмыс істеймін. Әлемдегі ең үздік университетте оқуға мүмкіндігім болатынын тіпті, елестете де алмадым. Білім мен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеңе жетуге көмектесетініне сенімдімін. Шәкірттерім де әлемдегі ең үздік білім алғанын қалаймын. Олар менен үлгі алып, шабыттанады деп үміттенемін", - дейді Гүлзия Құрманқан.

Гүлзия АҚШ-та магистратураны "Математикалық білім беру" мамандығы бойынша оқымақ.

Гүлзия Құманқан шәкірттерімен
Гүлзия Құманқан шәкірттерімен. Фото: bolashak.gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979535-set-tilin-kunine-5-6-sagat-oqygan-auyl-mugalimi-bolasaqpen-aqs-tyn-uzdik-zogary-oqu-ornyna-tusti/

pixel