Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Фото: instagram.com/bakytgul_khamenova

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 3 тамызда өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істі қарау 2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат 9:30-ға белгіленді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында өтеді", - делінген облыстық сот хабарламасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодестің 367-бабының 2-бөлігі бойынша "Б" ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.

Осыған байланысты басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу белгіленген болатын. Алайда Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұған судьяның өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуі себеп болған.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың желтоқсанында желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысына қатысты тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Ведомство шенеуніктер Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және қою бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінгенін айтты.

Бастапқыда Бақытгүл Хаменова үйқамақта болды. Алайда кейін Атырау облысының прокуратурасы өтініш беріп, шенеунік қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілді.

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып 2020 жылғы 13 наурызда тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979792-baqytgul-xamenovaga-qatysty-sot-otyrysy-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel