Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сарқытқа рахмет": Германия төрінде ет асып, сорпа ішкен немістерге ел сүйсінді

Опубликовано:

видеодан кадр
видеодан кадр: instagram.com/shyndykz

Желіде Германия төрінде ет асып, сорпа ішкен немістер жайлы видео тарады. Видеодан өзге ұлт өкілінің қазақша таза сөйлеп, Қазақстаннан келген ағайындарына рахметін айтып жатқанын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды.

Онда неміс ұлты өкілдерінің Қазақстаннан келген ағаларын күтіп алып, дастархан жайған аңғаруға болады.

"Бізге бүгін Қазақстаннан үлкен ағамыз келді. Риза келді. Сарқытқа үлкен рахмет айтамыз. Денсаулықтарың мықты болсын. Германияға келсеңдер біз риза боламыз", - дейді видеодағы азамат.

Сонымен бірге видеодан үй иесінің дастарханға ет пен сорпа әкелгенін де көруге болады.

Ал желі қолданушылары алыстағы неміс ағайынның өскен жерін ұмытпай, қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ет асып, дастархан жайғандарына ризашылықтарын білдіруде.

"Жарайсыздар неміс ағайындар", "Көз сүйсінетін көрініс, қандай ғажап отырыс", "Әрқашан қазақ халқының дәстүрін, тілін сыйлап жүргендеріңізге мың алғыс", "Бәрекелді, көп рахмет", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979839-sarqytqa-raxmet-germaniya-torinde-et-asyp-sorpa-isken-nemister-kopti-suisintti-video/

pixel