jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды
Фото: facebook.com/rustemuly.r

Белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыста бас жүлде алды. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын", - деп жазды Руслан Рүстемов.

Айта кетейік, Мұхтар Ниязов 1985 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген.

Оның айтысқа келу жолы аудандық оқушылар айтысына қатысудан басталған.

Содан бері айтыскер ақын облыстық, республикалық ақындар айтысында бірнеше рет бас жүлде алып, ел ішінде танымалдығы арта түсті.

Мұхтар Ниязов елімізде дәстүрлі түрде өтетін "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысының үш дүркін жеңімпазы.

Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.