jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде 45 градус ыстық болуы мүмкін

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміз бойынша ауа райы тұрақсыз болмақ. Атап айтқанда, 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +25 +35 градустан +30 +40 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Солтүстік-батыста, солтүстікте сынап бағаналары күндіз +30 +35 градустан +20 +30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстанның орталығында ауа температурасы +30 +38 градустан +27 +35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Еліміздің шығысында температура +22 +32 градустан +27 +38 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +40 +45 градусқа дейін күн ысиды деп болжануда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram