jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Алматыда тау етегіндегі элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі

Тұрғызылып жатқан тұрғын үй кешені
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда тау бөктерінде салынып жатқан Pine Hills элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабатын сүру туралы сот шешім қабылдады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкімдік хабарламасында айтылғандай, салынып жатқан ғимараттың үшінші қабаты бұзылады.

Мамандар Ерменсай шағын ауданындағы 7 тұйық көше мекен жайындағы 8/1 учаскесі бойынша салынып жатқан нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде ғимараттың үшінші тұрғын қабаты заңсыз тұрғызылып жатқаны анықталды.

Рұқсат құжаттары тек 2 қабатқа ғана берілген.

Өткен жылдың қараша айында қала билігі сотқа бұл үйді бұзу туралы шағым түсіріп, ол қанағаттандырылмаған еді. Дегенмен апелляциялық өтініш оң нәтиже берді.

Үшінші қабатты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне еніп, Әділет департаментімен орындалуда.

Алматыда тау етегіндегі элиталық тұрғын үй кешенінің бір қабаты сүріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.