Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел бүгінде Қазақстанда ана мен баланы қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселені БАҚ өкілдері көтерді. Журналистер қордың неліктен бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы бастама көтермейтінін сұрады.

"Әлеуметтік кодекс аясында бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайын ескере отырып, бала күтімі бойынша төлемдерді 1,5 жасқа дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылуда. Бірақ қазір бұны шешім деп айта алмаймын, өйткені бұл талқылану үстінде, талдау сатысында, бұл өзгерістер жақын арада әлеуметтік кодекс аясында жарияланады", - дейді Нұрсұлу Кемел.

Сондай-ақ Нұрсұлу Кемел бұл ретте әлеуметтік міндеттемелер ұзақ мерзімді болғандықтан, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті де тұрғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда бала күтімі бойынша жәрдемақы бір жылға дейін төленеді. Жұмыс істемейтін әйелдер мұндай жәрдемақыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен емес, мемлекеттік бюджеттен алады. Оның мөлшері балалардың реттік санына байланысты, 18 мыңнан 23 мың теңгеге дейін.

Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 38 АЕК (116,4 мың теңге), төртінші және одан да көп бала туғанда 63 АЕК (192,9 мың теңге) құрайды.

Бұған дейін Нұрсұлу Кемел өткен жылы Қазақстанда бала күтіміне байланысты 3500 ер адам декреттік демалысқа шыққанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980854-qazaqstanda-bala-kutimine-bailanysty-zardemaqy-toleu-merzimi-uzartyluy-mumkin/

pixel