Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Науқасқа арналған ұшақпен ұшқан": Біртанов желіде тараған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзіне байланысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіру үшін БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Telegram желісіндегі "Дикая Орда" парақшасында пандемия кезінде Біртанов Тараздан Нұр-Сұлтанға қайту үшін "науқасты елордаға жеткізуі керек болған санитарлық авиацияны пайдаланды" деген ақпарат пайда болды.

Авторлардың сөзінше, аталған ұшақпен пневмония және онкологиямен ауыратын әйел жіберілуі тиіс еді, алайда оның орнына министр ұшып кеткен. Жазбада ол әйелдің кейін қайтыс болғаны айтылады.

Экс-министр бұл ақпратттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Соттағы ақпаратты жария ете алмаймын, маған тыйым салынған, баға да бере алмаймын, сотқа өздеріңіз қатысып, бәрін тыңдай аласыздар. Бірақ кеше "Дикая Орда" арнасында мүлде шындыққа жанаспайтын ақпарат шықты. Онда басқа науқасқа арналған ұшақты менің пайдаланғаным туралы жазылған. Бұл барып тұрған өтірік.

Мұндай фактілер талқыланбады, маған мұндай айып тағылған жоқ (сотта - ред.). Сотта куәгер менің медициналық құжаттарымды толтыру үшін ауру тарихы үлгісін пайдаланғанын ғана айтты. Қазіргі уақытта айта алатыным осы ғана.

Бірақ менің басқа біреуге арналған ұшақты пайдаланғаным, бұл сол науқастың жағдайының нашарлауына немесе өліміне себеп болғаны мүлде шындыққа сәйкес келмейді. Мен ешқашан мұндайға жол бермес едім, олай жасауға батылым да бармас еді. Егер мұндай жағдай орын алған болса, мені жауапкершілікке тартатын еді, өйткені мұндай нәрселерді жасыру мүмкін емес", - дейді Елжан Біртанов.

Сондай-ақ экс-министр өзі туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Бас прокуратураға арызданғанын, алайда оның шағымы елеусіз қалғанын айта кетті.

"Мен Тараздан Нұр-Сұлтанға ұшқан ұшақтың басқа науқасқа арналғаны туралы ешқандай факті жоқ. Істе де мұндай факті жоқ және еш жерде мұндай факті тіркелмеген, тіпті мұндай күдік те, айып та жоқ. Мұның бәрі ойдан шығарылған" - дейді ол.

Айта кетейік, Елжан Біртановтың ісінде екі эпизод қарастырылуда: бірі денсаулық сақтау жүйесіне арналған платформаны әзірлеуге қатысты, екіншісі - санавиация бортмен ұшуына қатысты.

Санавиация бортына қатысты экс-министрге "арнайы көлікпен себепсіз ұшты" деген айып тағылып отыр: айыптаушылардың айтуынша, Біртанов өзінің коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген, бірақ алғашқы ПТР сынамасы теріс болған.

Біртановтың өзі Тараздан үкімет мүшелерімен бір бортта қайтуы тиіс болғанын айтады. Оның сөзінше, ол ұшақ санавиация бортынан әлдеқайда ыңғайлы. Алайда экс-министр арнайы бортты таңдаған, себебі оның бойында коронавирус белгілері байқалған.

Сондай-ақ Біртанов екінші ПТР тест коронавирус жұқтырғанын көрсеткенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980891-nauqasqa-arnalgan-usaqpen-usqan-birtanov-zelide-ozine-qatysty-taragan-aqparatqa-bailanysty-malimdeme-zasady/

pixel