Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда нөсер жаңбырдан кейін бірнеше тұрғын үйді су басты (видео)

Опубликовано:

жаңбыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 29 шілдеде Көкшетау мен Ақмола облысында қатты жаңбыр жауды. Салдарынан облыс орталығында 40-тан астам ғимарат су астында қалды. Бұл туралы аймақтық 109 iKomek қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті тұрғындар су басқан төрт тұрғын үйдің едендерін видеоға түсіріп, көрсеткен. Бейнежазбалардан ғимарат ішіне кіріп жатқан су ағындарын да байқауға болады.

109 iKomek қызметінің өкілдері нөсер жаңбырдан зардап шеккен үйлердің мекенжай тізімін жариялады.

Жалпы қазіргі уақытта 40-тан астам үйдің тұрғындары аталмыш қызметке көмек сұрап хабарласқан.

Сонымен қатар жаңбыр салдарынан кейбір үйлерде электр қуаты сөніп қалған. Мамандардың айтуынша, әзірге электр қуатын қалпына келтіру мүмкін емес.

Айта кетейік, бұған дейін ТЖД мен метеорологтар дауылды ескерту жариялаған.

Сондай-ақ ұзаққа созылған нөсерден кейін Степногорск қаласындағы көшелер мен базар аумағын су басқаны жөнінде хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1980968-koksetauda-noser-zanbyrdan-keiin-birnese-turgyn-uidi-su-basty-video/