Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті

Опубликовано:

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 30 шілде сағат 14: 19-да Ақтөбе облысы кезекшілік-диспетчерлік басқару пултіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Заречный-1 оңтүстік айналма көпір ауданы маңында суға түсуге жабдықталмаған орында 18 жастағы баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен.

Нәтижесінде азаматтың денесі жағадан 10 метр қашықтықта 3 метр тереңдіктегі судан шығарылған.

Ал 19:30-да аталған мекенжайдағы жабдықталмаған орында 2 баланың батып кеткені жөнінде ақпарат түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар бір үйдің 2009 және 2011 жылғы екі баласы суға батқанын анықтады. Олардың денесі жағадан 15 метр қашықтықта 3 метр тереңдіктегі судан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981017-aqtobede-bir-otbasynyn-eki-balasy-suga-batyp-ketti/