Жайық өзеніне батып кеткен аудан әкімінің денесі табылды
Жарияланған күні:
Атырау облысында Жайық өзеніне батқан аудан әкімінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың денесі 1 тамыз күні кешкісін Жайық өзенінен табылған.
Қазір құзырлы органдар бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.
"Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айынан бері Махамбет ауданының әкімі лауазымын атқарды. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестері Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жексенбі, 31 шілде күні Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш Жайық өзеніне батып кеткен болатын.
Кеше, 1 тамызда оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері, 2 жүзу құралы, 2 техника, 10 тәртіп сақшысы мен полицияның 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 10 маман, марқұмның туыстарынан 15 адам іздестіру жұмыстарымен айналысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981259-zaiyq-ozenine-batyp-ketken-audan-akiminin-denesi-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.