Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұялы телефон нөмірлерін биометриялық деректермен байланыстыру көзделуде

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда ұялы телефон нөмірлерін тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр жазбасында интернет пен телефон арқылы алаяқтық жасау фактілері көбейіп жатқанын атап өткен. Оның сөзінше, осы мәселеге қатысты министрлік еліміздің байланыс операторларымен бірлесіп іс-шаралар жүргізуде.

"Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі- жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады. Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастыруда. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді", - дейді сала басшысы.

Сондай-ақ, министрлік интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынады. Өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты.

"Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта, оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады", - дейді Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981800-qazaqstanda-uyaly-telefon-nomirlerin-biometriyalyq-derektermen-bailanystyru-kozdelude/

pixel