Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тағы бір көше уақытша жабылады

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: elorda.info

Нұр-Сұлтанда Жекебатыр көшесінің бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жекебатыр көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғанын мәлім етті.

Осыған байланысты 6-12 тамыз аралығында Жекебатыр көшесінің Космонавтар көшесінен Атасу көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982032-elordada-tagy-bir-kose-uaqytsa-zabylady/

pixel