jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Синоптиктер болжамы: Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін жетінші тамызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауып, Шымкентте 35 градус ыстық болады деп болжануда. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Алматыда бүгін +33...+35 градус ыстық болатынына қарамастан, жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 8 метрге дейін жетіп, найзағай кезінде 12 м/с дейін күшейеді.

Сондай-ақ синоптиктер болжамына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы +26...+28 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, күн ашық болып, ауа температурасы +33...+35 градусқа жетеді, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады.

Бұған дейін синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Мамандардың болжамы бойынша, айдың басында елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы солтүстіктен келетін суық антициклонның әсерімен байланысты болады.

Синоптиктер болжамы: Алматы мен Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.