Жаздың соңғы айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мамандардың айтуынша, тамыз айы солтүстікте салыстырмалы түрде салқын ауа райымен, Қазақстанның қалған бөлігінде тұрақсыз ауа райымен басталады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Сонымен қатар солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Айдың басында елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы солтүстіктен келетін суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуына орай жылы ауа массалары пайда болады, бұл температураның көтерілуіне әсер етеді.

Осылайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін көтеріледі.

Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары келеді, бұл ауа райының тұрақсыз болуына әкеледі.

Дегенмен суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжануда.

Жаздың соңғы айында Арктикалық теңіздер аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде температуралық фон айтарлықтай төмендейді.

Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аяз болуы мүмкін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981154-zazdyn-songy-aiynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

jitsu gif