Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ұсталғандар туралы тың дерек пайда болды

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ұсталған екі ер адам туралы тың дерек пайда болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ұйымдастырған брифингте айтылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдайдан соң полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарап, күдіктілердің жасырынған жерін іздеген.

Оларды қалаға жақын орналасқан саяжайларды тінту кезінде тапты.

"8 тамыз күні сағат 10:30-да "Көктем" саяжай учаскесінде 2001 және 1991 жылы туған күдіктілер ұсталды. Жедел жұмыстар жүргізілуде. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалды. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің басшысының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин.

Полицияның мәліметінше, саяжай массивін тінту кезінде ер адамдар жасырынуға тырысқан. Жергілікті тұрғындар қандай бағытқа қашқанын анықтауға көмектесті, дейді тәртіп сақшылары.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұсталған ер адамдарда қару болмаған. Қазіргі уақытта олар паналаған жерді тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 6 тамыз күні Оралда қалаға белгілі кәсіпкерді өлтіріп кеткен болатын. Ер адам бірнеше жерден пышақ жарақатын алған. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Көп ұзамай полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерге қатысты деректерді жариялады. Тәртіп сақшылары 1991 және 2001 жылы туған екі ер адамды іздеген болатын.

Іздеу жұмыстарына БҚО ПД барлық күш-құралдары жұмылдырылды.

Кейінірек күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982229-oralda-kasipkerdi-oltirdi-degen-kudikpen-ustalgan-eki-er-adam-turaly-tyn-derek-paida-boldy/

pixel