jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жетісу облысында ауыл тұрғындары интернет алаяқтарға 2,5 млн теңгесін беріп қойды

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Жетісу облысында екі ауыл тұрғыны интернет алаяқтардың "қармағына түсіп қалды". Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға демалыс күндері Кербұлак ауданынында тіркелген.

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірінің экономикалық білімі болған. Бұның өзі алаяқтардың жоспарына кедергі келтірмепті.

Шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары екі оқиғаны да тіркеп, алаяқтарды іздеп жатыр.

"Бірінші жағдайда алаяқтардың әрекетінен Сарыөзектің 33 жастағы тұрғыны зардап шекті, ол әлеуметтік желідегі сілтемеге кіріп, инвестициялық жобаны жарнамалаған.

Әйел өзінің қаржысын салып, 1 293 000 теңге жоғалтты.

Айта кету керек, зардап шегуші экономист болып жұмыс істейді.

Басында оның ақшасын көбейтуге тырысқаны және белгісіз адамға сілтеме бойынша 100 мың теңге жібергені белгілі болды.

Алғашқы кезде жіберілген сома айтарлықтай өскен.

Алаяқтарға сеніп, ол бірден барлық жинақтарын салып жіберген, нәтижесінде қомақты қаржысынан айырылып қалды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті киберқылмыспен күрес жөніндегі бөлім.

Осыған ұқсас жағдай Кербұлақ ауданы, Беріктас ауылында тіркелген. Елдімекеннің 33 жастағы тұрғыны алаяқтардың "қармағына түсіп қалғанын" жеткізген.

"Алаяқ өзін банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған.

Ол белгісіз біреулер несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтыпты.

Содан кейін ер адам клиенттің депозиті бар екенін біліп, ақшаны қауіпсіз шотқа аудару керек деп мәлімдейді және ол үшін банк картасының артқы жағында көрсетілген үш таңбалы СVV кодын сұрайды. Нәтижесінде ауыл тұрғынының депозиттік шотындағы 1 млн 200 мың теңгесінен айырылды", - деді полиция.

Жетісу облысында ауыл тұрғындары интернет алаяқтарға 2,5 млн теңгесін беріп қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.