Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің досы: Маған ешқандай күзет керек емес дейтін

Опубликовано:

күдіктілер
Видеодан кадр: Instagram/policebqo

Оралда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкердің досы күдіктілердің қатаң жазаға тартылуын сұрап отыр. Тәртіп сақшылары жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерекпен бөлісті.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, күдіктілер жасырыну үшін киімдерін ауыстырып үлгерген. Сонымен қатар олардың бірінің сақалын қырып тастағаны анықталды.

"Олар тәртіп сақшыларының іздеп жатқанын бір жерден естуі мүмкін. Содан полицейлерден қаша бастаған. Бізге бейбіт тұрғындардың көмектескенін айта кету керек. Екі ер адамның қандай бағытқа кеткенін көрсетті. Біздің қызметкерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, қылмыскерлерді ұстады", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин.

Құқық қорғау органы кісі өлімі тұрмыстық негізде болғанын жеткізді. Күдіктілердің кәсіпкердің кафесінде жұмыс істегені айтылды. Қақтығысқа жалақының төленбеуі себеп болу мүмкін, дейді тәртіп сақшылары.

Қаза тапқан кәсіпкердің жақындары әлі есін жия алар емес. Олар күдікке ілінген екі ер адамды қатаң жазалауды сұрап отыр.

"Еркін әрдайым "маған ешқандай күзет керек емес, Мен өзім үшін тұрып бере аламын" деп айтатын еді. Тағдыры осылай болды: Қатігез қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Жұбайы жесір, балалары жетім қалды. Қылмыскерлерге ең қатаң жаза беруді сұраймын", - деді марқұмның досы.

Еске сала кетейік, 6 тамызда Оралда қалаға белгілі кәсіпкерді әлдекімдер өлтіріп кеткен болатын. Мұның бәрі бақылау камерасының объективіне түсіп қалған.

Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Көп ұзамай полицейлер кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерге іздеу жариялады. Кеше, 8 тамызда таңертең кісі өлтірді деген күдіктілердің ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982352-kisi-qolynan-qaza-tapqan-kasipkerdin-dosy-magan-esqandai-kuzet-kerek-emes-deitin/

pixel