jitsu gif

Ұлыбританиядан келген турист Алматы тауларында жоғалып кетті

Тау
Көрнекі фото: Pixabay.com

44 жастағы Ұлыбритания азаматы Роман Макогон Алматы тауларында адасып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жоғалып кеткенін жұбайы хабарлаған. Әйел "109" нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрады.

Жоғалған туристі іздеуге сағат 21:05-те "Тұйықсу" құтқарушылар экипажы шықты.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең үлкен әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз бала терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен. Оны іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік етуде.

Бүгінде баланы полициямен қатар еріктілер, құтқарушылар, кинологтар және облыстың ерікті тұрғындары іздестіріп жатыр. Оны іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған.

Одан бөлек, полиция жолға тамақ пен сусын қалдырып кетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.