Ұзынағаштағы атыс: Күдіктілерге іздеу жарияланды
Опубликовано:

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы полиция департаменті іздеу салады:
- Козыбаев Гани Муратұлы - 31 жаста, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары ("Адам өлтіру") және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары ("Адам өлтіруге оқталу"), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
- Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы ("Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау") бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Нурсултан Бахтиярулы Аукенов - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау") бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде.
Еске сала кетсек, бұған дейін 4 тамызда Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ тиген үш ер адам жеткізіліп, олардың бірі көз жұмғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982570-uzynagastagy-atys-kudiktilerge-izdeu-zariyalandy/