Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында қайтыс болған 5 жасар қыздың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Опубликовано:

Қостанай облысы
Фото: Қостанай облысының ПД

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өз Instagram парақшасында өлі күйінде табылған бес жасар қыздың отбасына көңіл айтты.

"Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт.

Біз бәріміз баланы аман-есен таба аламыз деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, ойлағанымыз болмады.

Еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, облыс тұрғындарына іздеу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғысымды білдіремін.

Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және материалдық көмек көрсетуге тапсырма бердім", - деді өңір басшысы.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен еді.

Кеше, 10 тамызда бүлдіршін өлі күйінде табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982667-qostanai-oblysynda-qaitys-bolgan-5-zasar-qyzdyn-otbasyna-materialdyq-komek-korsetiledi/

pixel