Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларымызды қоғам қабылдамайды": Бес жасар қыздың қазасынан соң ерекше балалардың ата-анасы дабыл қақты (видео)

Жарияланған күні:

Ерекше балалардың ата-анасы дабыл қақты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Кеше Қостанай облысында аутизм диагнозы қойылған бес жасар қыздың денесі табылды. 7 тамыз күні таңғы бес шамасында үйінен шыққан бүлдіршін ауыл шетіндегі жасанды су қоймасына батып кеткен. Іздеуге төрт күн бойы мыңдаған адам жұмылдырылды, алайда, сөйлемейтін, ауыр дерті бар бүлдіршінді тірідей табу мүмкін болмады. Осы оқиғадан соң Қазақстандағы ерекше балалардың ата-аналары дабыл қақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бес жасар Мәдинаның қазасы барша қазақ елін дүр сілкіндірді. Барша жұрт оның аман-есен табылуын тіледі. Аутизмге шалдыққан, тілі шықпаған қыздың баланың өлімі халыққа ауыр тиді. Аталған дертке ұшыраған балаларда қорқыныш сезімі болмайды, атын атағанда қарамайды және түсінігі қалыптастайды, дейді дәрігерлер.

"Ерекше балалардың ата-аналары одағының" жетекшісі Рауана Сағадиева әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, бұл қаза бүкіл ерекше балалардың ата-анасы үшін үлкен сабақ болғанын айтты.

"Сәбидің қазасынан соң көзімнің жасы тоқтар емес. Неше күн бойы бала аман қалар деп үміттендік. Алайда жағдайдың соңы осындай болды. 25 мамыр күні біз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне дамуынде ерекшелігі бар балаларды қолдауға арналған бағдарламамызды ұсындық. Біздің балаларымызды қоғам қабылдамайды, бірақ олар да бала, бар болғаны дамуында ерекшелік бар. Сондықтан, ерекше балаларға мемлекет тарапынан қолдау керек, қоғам тарапынан түсіністік керек.

Біз Жапонияны үлгі еттік. Аталған елде ерекше балаларға жағдай жасалған. Көзі көрмейтін, сөйлемейтін, құлағы естімейтін, аутист, диабетке шалдыққан балаларға олар арнайы бейдж бен білезік тағып қояды. Сол белгілер арқылы олар баланың қандай ерекшелігі барын біледі және көшеде адасып кеткен жағдайда бейджде жазылған байланыс нөмірлеріне хабарласып, баланың жақындарына хабар береді. Міне, нағыз инклюзия деген осы. Нағыз қамқорлық осы.

Өкінішке қарай, біз одақ құрып, құзырлы органдарға қанша рет ұсынсақ да, еститін құлақ жоқ. Біз 15 бетке өз ұсынымызды жазып, жібердік. Жауап жоқ. Бізде халықтың үніне құлақ түру үшін міндетті түрде адам өлімі болуы керек пе?", - деді одақ жетекшісі.

Айта кетелік, сәбиді іздеу жұмыстары төрт күнге созылды. Оның денесі кеше дрон арқылы жасанды су қоймасынан табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982706-barlyq-anaga-auyr-tidi-bes-zasar-madinanyn-qazasynan-son-erekse-balalardyn-ata-anasy-dabyl-qaqty-video/