Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогерлердің қайырымдылық үшін халықтан ақша жинауы заңдастырылмақ

Опубликовано:

қайырымдылық
Көрнекі фото: pexels.com

Алдағы уақытта қайырымдылық мақсатында халықтан қаражат жинайтын блогерлер алдын ала көмекке мұқтаж кісімен немесе ұйыммен келісімшартқа қол қоюы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтқан.

"Блогерлер заңға бағынбай, келісімшарт жасамай қайырымдылық іс үшін деп халықтан ақша жинаса - ол заңсыз әрекет болып есептеледі. Яғни ол - алаяқтық. Екіжақты келісімге келу қайырымдылық жасау кезінде түсініспеушілік, дау-дамай туындаған жағдайда мәселені заңмен реттеу үшін енгізіліп отыр.

Келісімге келсе қайырымдылық үшін жиналған қаржыға қатысты ешқандай артық сұрақ туындамайды. Мысалы блогер бір кісіге қайырымдылық жасау үшін қаржы жинауды бастаған негізі 7 млн теңге керек болған, нәтижесінде 15 млн теңге жиналған. Өз кезегінде блогер көмекке мұқтаж жанға 7 млн теңге беріп, қалған соманы басқа мақсатқа жұмсайтындығын айтқан. Содан кейін екіжақты түсініспеушілік туындаған", - дейді Мадияр Қожахмет баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде бүгінге дейін блогерлердің халықтан қайырымдылық үшін қаржы жинау мәселесі назардан тыс болған.

"Егер блогер қандай да бір қайырымдылық қордың атынан жақсылық жасамақ болса, онда сол ұйым мен блогер арасында келісім жасалуы тиіс. Ал егер блогер өздігінен қайырымдылықпен айналысса, онда көмек көрсететін адаммен келісімнің болуы міндетті. Яғни кімге көмек көрсетейін деп жатыр сол адаммен келісім жасалады", - дейді брифингте Парламент мәжілісінің депутаты Вера Ким.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982781-blogerlerdin-qaiyrymdylyq-usin-xalyqtan-aqsa-zinauy-zandastyrylmaq/

pixel